Құқығыңызды сенімді қорғаймыз
«SAPA» заң фирмасы жеке тұлғалар мен бизнеске толық заңгерлік қолдау көрсетеді: консультациядан бастап сот процесіне дейін. 10 жылдан астам тәжірибе, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс.
- Алғашқы кеңес — тегін және міндеттемесіз
- Ақтау қаласы бойынша сот, нотариат, мемлекеттік органдарда өкілдік
- Шарт, келісімшарт, құжаттарды заңгерлік тексеру
Біз әр істі жеке қарап, клиенттің мүддесін бірінші орынға қоямыз
Кең тәжірибе
Азаматтық, еңбек, кәсіпкерлік және әкімшілік құқық саласында көп жылдық тәжірибе жинақтадық.
Ашық баға саясаты
Жұмысты бастамас бұрын қызмет құнын нақты айтамыз, жасырын төлем болмайды.
Жеке көзқарас
Әр клиенттің жағдайын жеке қарап, соған сай ең тиімді құқықтық стратегия құрамыз.
Нәтижеге бағыт
Іс жүргізуде сөзбен емес, нақты құжат пен нәтижемен жұмыс істейміз.
Жеке тұлғалар мен бизнеске арналған толық заңгерлік қолдау
Заңгерлік консультациялар
Кез келген құқықтық мәселе бойынша нақты кеңес
Соттағы қорғау
Барлық сатыдағы соттарда өкілдік ету
Мәмілелерге заңгерлік сүйемелдеу
Сатып алу-сату, жалдау, серіктестік шарттары
Шағын және орта бизнеске заңгерлік қызметтер
Аутсорсинг форматында тұрақты заңгерлік қолдау
Еңбек шарттары және еңбек дауларды реттеу
Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы құқықтық мәселелер
Өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша қорғау
Жәбірленуші мен жұмыс берушінің құқығын қорғау
Жұмыс барысы
1. Өтінім қалдырасыз
Телефон, WhatsApp немесе сайт арқылы мәселеңізді қысқаша сипаттайсыз.
2. Тегін кеңес
Заңгеріміз жағдайыңызды талдап, іс-қимыл жоспарын ұсынады.
3. Келісім жасаймыз
Қызмет көлемі мен құнын нақты бекітіп, шарт жасаймыз.
4. Нәтижеге дейін жүргіземіз
Іс толық аяқталғанша сізбен байланыста боламыз және барысын хабарлап отырамыз.
Блогтан соңғы мақалалар
Нақты кейстер мен заң саласындағы пайдалы кеңестер
Жұмыстан заңсыз шығарылдыңыз ба? Құқығыңызды қорғау жолы — нақты кейс
Клиентіміз құрылымдық қайта ұйымдастыру желеуімен жұмыстан шығарылған, бірақ рәсім бұзылған. Ісіміз қалай сотта оң нәтижеге жеткенін баяндаймыз.
Толығырақ оқу →Шағын бизнеске арналған: мәміле жасамас бұрын тексеретін 7 тармақ
Тәжірибемізде кәсіпкерлердің көбі шартты мұқият оқымай қол қойып, кейін ірі шығынға ұшырайды. Мәміле алдында тексеретін 7 тармақты жинақтадық.
Толығырақ оқу →Өндірістегі жазатайым оқиға болды: қадам-қадаммен не істеу керек
Өндірісте жазатайым оқиға болғанда алғашқы бірнеше сағатта дұрыс әрекет ету кейінгі құқықтық қорғауды айтарлықтай жеңілдетеді. Толық нұсқаулықты оқыңыз.
Толығырақ оқу →Жиі қойылатын сұрақтар
Алғашқы кеңес ақылы ма?+
Жоқ, алғашқы кеңес тегін өтеді. Телефон немесе WhatsApp арқылы жағдайыңызды қысқаша сипаттасаңыз жеткілікті.
Сіздер тек Ақтау қаласында жұмыс істейсіз бе?+
Негізгі кеңсеміз Ақтауда орналасқан, бірақ Маңғыстау облысы бойынша, сондай-ақ қашықтан (онлайн) басқа өңірлердегі клиенттермен де жұмыс істейміз.
Қызмет құны қалай анықталады?+
Баға істің күрделілігіне, көлеміне және мерзіміне байланысты жеке есептеледі. Жұмысты бастамас бұрын құн нақты айтылып, шартта бекітіледі.
Бизнеске тұрақты заңгерлік қолдау көрсете аласыздар ма?+
Иә, аутсорсинг форматында айлық жазылым бойынша тұрақты заңгерлік қолдау көрсетеміз — шарттарды тексеруден бастап, дауларды алдын алуға дейін.
Заңгерлік мәселеңіз бар ма?
Дәл қазір хабарласыңыз — алғашқы кеңес тегін және сізге ешбір міндеттеме жүктемейді.