SAPA — заң фирмасы
Кейс2026 ж. 19 маусым

Жұмыстан заңсыз шығарылдыңыз ба? Құқығыңызды қорғау жолы — нақты кейс

Бұл мақалада фирмамыз жүргізген нақты істердің бірін — атауын өзгерте отырып — талдаймыз. Клиент құрылымды қысқарту желеуімен жұмыстан шығарылған, алайда рәсімде бірнеше елеулі бұзушылық орын алған.

Жағдай қандай болды

Клиент компанияда бес жылдан астам қызмет еткен. Жұмыс беруші лауазымды қысқарту туралы шешім қабылдап, клиентке екі күн бұрын хабарлаған, дегенмен заң бойынша мұндай хабарлама кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде берілуі тиіс. Сонымен қатар, бос лауазымдар болғанына қарамастан, оларды клиентке ұсыну рәсімі орындалмаған.

Біз не істедік

Алдымен жұмыстан шығару туралы бұйрықты, штат кестесін және хабарлама құжаттарын толық талдадық. Мерзім бұзылғаны және бос орындарды ұсыну рәсімінің сақталмағаны анықталды — бұл екі елеулі негіз болды. Одан кейін жұмыс берушіге досудебная претензия жолдадық, мәселені сотқа дейін реттеу мүмкіндігін ұсындық.

Неге сотқа дейінгі кезең маңызды

Тәжірибемізде көрсеткендей, дұрыс дайындалған претензия көбіне жұмыс берушіні келіссөзге отыруға мәжбүр етеді — бұл клиент үшін уақыт пен соттың мемлекеттік бажын үнемдейді. Дегенмен бұл жағдайда жұмыс беруші жауап бермеді, сондықтан сотқа талап арыз дайындалды.

Сот процесі және нәтиже

Сотта бұзылған мерзім мен рәсімдер дәлелденіп, сот клиентті бұрынғы лауазымына қалпына келтіру және мәжбүрлі демалыс уақытына жалақыны толық көлемде өндіріп алу туралы шешім шығарды. Іс екі айдың ішінде бірінші сатыдағы сотта аяқталды.

Қорытынды: қызметкерге кеңес

Жұмыстан шығарылу туралы хабарлама алған сәтте бірден бас тартпай, алдымен рәсімнің заңға сай орындалғанын тексеру қажет. Мерзім, құжат нысаны, бос орынды ұсыну сияқты тармақтардың бұзылуы — жұмыс берушінің шешімін сотта күшін жоюдың негізгі құралы. «SAPA» заң фирмасы еңбек дауы бойынша құжаттарды талдаудан бастап, сотта өкілдік етуге дейін толық қолдау көрсетеді.

Тегін кеңес алу

Бізге қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз — жағдайыңызды талдап, қай бағытта көмек көрсете алатынымызды айтамыз.

8 700 500 15 00